Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хиджаб киген футболшы тарихта алғаш рет әлем чемпионатында ойнады

Футболдан Марокко әйелдер құрамасының ойыншысы Нухайла Бензина әлем чемпионатында хиджаб киіп ойнаған алғашқы ару атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Нухайла

Халықаралық футбол федерациясының мәліметінше, қорғаушы Оңтүстік Корея құрамасына қарсы матчта ойнаған. Ойын қорытындысы бойынша Марокко 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

Н тобында Марокко үшінші орында тұр. Ал іріктеу кезеңінде үш ұпай жинаған. Жарыс 20 шілде және 20 тамыз аралығында Аустралия мен Жаңа Зеландияда өтеді. 

Бұған дейін ФИФА ойыншыларға матч кезінде жарақат алу қаупіне байланысты діни бас киімдер киюге тыйым салатын. Дегенмен 2014 жылы бұл тыйым алынып тасталды. 

Ал 2022 жылы 17 қазанда ирандық Эльназ Рекаби Азия чемпионатында хиджабсыз ойнаған еді. Осылайша ол 43 жылда алғаш рет хиджабсыз ойын өткізген Иран футболшысы атанды. Кейін Рекаби көпшіліктен кешірім сұрап, хиджабты шешуін алдын ала жоспарланбаған әрекет екенін жеткізді. 

Талқылау