Блогер Мерей Абилованың күйеуі Димаш Қашкен хейттен кейін ұлттық құрамаға шақырту алмады
Фото:Kff_team
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкер міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін ойындарға шақыртылған футболшылардың тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жолы құрамаға 38 ойыншы шақырту алған. Кеңейтілген тізімде әлеуметтік желіде сынға ұшыраған блогер Мерей Абилованың күйеуі, “Жетісу” клубының шабуылшысы Димаш Қашкеннің аты жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Қашкеннің ұлттық құрамаға шақырту алғаны әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен еді. Көптеген жанкүйерлер оның құрамда ойнауына қарсы пікір білдірген. Себебі ҚПЛ аясында өткен “Қайрат” пен “Жетісу” арасындағы матчта оның ойыны көпшіліктің көңілінен шықпаған.
Қазақстан құрамасы қараша айында екі матч өткізеді:
• 15 қараша – 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Бельгияға қарсы үйде өтетін ойын;
• 18 қараша – Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесу, матч Хорватияда өтеді.
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 3 қарашада Астанада басталады.
Байсуфинов жариялаған кеңейтілген тізім
Қақпашылар:
Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Мұхамеджан Сейсен ("Астана"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Қажымұқан Төлепберген ("Оқжетпес").
Қорғаушылар:
Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (бәрі – "Ордабасы"), Әлібек Қасым, Бақыт Қайыров, Талғат Құсайыпов (бәрі – "Ақтөбе"), Ян Вороговский ("Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Наурызбек Жағоров ("Тобыл"), Еркін Тапалов ("Қайрат"), Әділбек Жұмаханов ("Елімай"), Арсен Аширбек ("Оқжетпес").
Жартылай қорғаушылар:
Бақтиер Зайнутдинов ("Динамо Мәскеу", Ресей), Ерсұлтан Қалдыбеков ("Қайсар"), Серікжан Мужиков, Даурен Жұмат (екеуі де – "Оқжетпес"), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Караман (екеуі де – "Женіс"), Рамазан Оразов, Жан-Әлі Пайруз, Алмас Төлеубай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – "Елімай"), Ислам Чесноков ("Тобыл"), Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі де – "Ордабасы"), Дамир Қасабулат ("Қайрат"), Георгий Жуков ("Ақтөбе").
Шабуылшылар:
Оралхан Өміртаев, Артур Шушеначев (екеуі де – "Ақтөбе"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Дастан Сәтпаев ("Қайрат"), Иван Свиридов ("Елімай"), Рамазан Каримов ("Астана").
Естеріңізге салсақ, Қазақстан құрамасы қарашада әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізді. 15 қарашада “Астана аренада” Бельгияны қабылдаса, 18 қараша команда Хорватияда Фарер аралдарына қарсы ойынайды.
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?

