"Хан Шатыр" жанып кетті
"Хан Шатыр" сауда үйінің бутиктерінің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді.
Өрт туралы хабар желтоқсанның 14-і таңғы сағат 06.23 уақытында түскен. Өрт сөндірушілер келгенде бірінші қабаттағы "Climber" бутигі жанып жатты.
"Өрт сөндірушілер бірден іске кірісіп, тілсіз жаудың алдын орауға тырысты. Нәтижесінде 06.44-те өрт сөндіріліп, 6.48-де бес шаршы метр жер толығымен апат жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өрт сөндіру үшін жеке құрамнан 32 адам және 8 техника жұмылдырылды", - деп баяндалады хабарламада.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”