Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ХАМАС террористік ұйымдардың қатарына жатқызыла ма - Сыртқы істер министрлігі жауап берді

Сыртқы істер министрлігі ХАМАС-ты террористік ұйымдардың қатарына жатқызу мәселесіне қатысты жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналистер министрліктен ХАМАС-ты террорлық ұйым қатарына жатқыза ма деп сұрады.

"Бұл мәселені тиісті орган, яғни бас прокуратура шешеді. Бейбіт тұрғындарға зардабын тигізген Палестина-Израиль қақтығысына қатысты тараптарды жағдайды бейбіт жолмен шешуге және екі мемлекет арасында ғана емес, жалпы Таяу Шығыста да жағдайдың одан әрі өршуіне әкелетін әрекеттер жасамауға шақырамыз", – деді Айбек Смадияров.

Талқылау