Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ХАМАС пен Израиль бітім шартын ұзарту туралы келіссөздер жүргізуде

ХАМАС пен Израиль бітім шартын ұзарту туралы келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: molsport.ru

Басылым мәліметінше, қазір тараптар мәмілені тағы төрт күнге немесе одан да көп уақытқа ұзарту мүмкіндігін талқылап жатыр. Осы келісімнің бір бөлігі ретінде ХАМАС кепілде отырған 20 әйел мен баланы босатуы мүмкін.

"Екі тарап та келісімді ұзартуға ниетті екенін ашық мәлімдеді. Келісімге сәйкес ХАМАС Израиль түрмесіндегі 150 палестиналық тұтқынның орнына кепілге алынған 50 израильді босатуға уәде берген", - делінген хабарламада. 

АҚШ президентінің кеңесшісі Джейк Салливанның айтуынша, мәмілені ұзарту ХАМАС-қа тікелей байланысты, өйткені Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өзінің шартын - бітімге қол қойылған әрбір қосымша күн үшін он кепілге алынған адамды босататынын хабарлады.

24 қарашадан бері ХАМАС төрт күндік бітім аясында кепілге алынған үш топты босатып үлгерді. Жалпы, мәміле барысында 39 израильдік пен 19 шетелдік, сондай-ақ бір ресейлік босатылды. Өз кезегінде Израиль 117 палестиналық тұтқынды босатты.

Талқылау