Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Halyk Bank және карантин: Үздіксіз бизнес-үдерісті қамтамасыз ету және қызметкерлерді сақтау

Елімізде төтенше жағдай режимі (ТЖ) аяқталды. Алайда, өңірлердегі эпидемиология жағдайларына байланысты карантин шаралары бірте-бірте алына бастайды. ТЖ кезінде бірнеше ай ішінде бірқатар компания қызметкерлерін амалсыз еңбек демалысына, ал кейбіреулері – ақысыз демалысқа жіберіп, нарықтағы қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Ал жұмысын жалғастырғандар жаңа жағдайға жедел түрде, «аяқасты» бейімделе отырып, кей кездері әдеттегі процестерді карантин режимінде жұмыс істеу жағдайына толығымен өзгертуіне тура келді. Әсіресе, ірі кәсіпорындар мен ұйымдарға оңай болмады. ТЖ күшінде болған кезеңде елдегі ең ірі банктің кадр жұмысын қалай ұйымдастырғаны жөнінде Halyk Bank-тің Қызметкерлерді басқару департаментінің директоры Лариса Новикова Nur.kz сайтына әңгімелеп берді. 

- Лариса Рафаиловна, ұйым неғұрлым ірі болса, оның бизнес-үдерісі соғұрлым күрделі. ТЖ әрекет ету кезеңінде Halyk Bank қандай қиындықтармен бетпе-бет келді?

- Әрине, банк менеджменті тап болған жағдай басқа компаниялар мен ұйымдар үшін де ерекше болды. Бүкіл ел алғаш рет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясын жариялаған себепті кәсіпорындардың жаппай жабылумен бетпе-бет келді.

Halyk Bank-тің бас офисі мен түрлі аймақтық бөлімшелерінде 14000-ға жуық қызметкер жұмыс істейді, оның үстіне кеңсе фронтының қызметкерлері стандартты жағдайда күн сайын жүздеген клиентпен қарым-қатынас жасайды.
Бұл жағдайда Банк алдында үш негізгі міндет тұрды, ол – үздіксіз бизнес үдерісті, клиенттер мен қызметкерлер үшін карантин жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, білікті қызметкерлерді сақтау.
Бұдан басқа, карантинге байланысты енгізілетін шектеулердің сипаты мен ерекшелігін ескеру және әр өңірдің ерекшелігімен санаса отырып, өзгерістерге жедел ден қою қажет болды.

- Бұл жағдайдан қалай шықтыңыздар?

- Банк Қазақстан Республикасының азаматтары алдында жүктелген әлеуметтік жауапкершілікті түсініп, клиенттер мен қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасай отырып, қысқа мерзім ішінде қызметтерді ұсыну бойынша мүмкіндіктерді жұмылдыруға және соның ішінде кейбір қызметтерді қашықтан қызмет көрсетуге, ал қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыра отырып, банк жұмысын ыңғайлы ұйымдастыруға тырысты. Мысалы, Бас кеңседе қызметкерлердің 40% қашықтан жұмыс істеуіне мүмкіндік берілді.

Банк қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі болуы үшін қосымша қажетті ұйымдастыру техникасын сатып алды. Қысқа мерзімде клиенттер мен қызметкерлерді қорғау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Карантиннің әрекет ету кезеңінде офистік үй-жайлар мен бөлімшелерді үнемі санитарлық өңдеу, ауру тудыратын бактерияларды жою және ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті ультракүлгін рециркулятормен ауаны өңдеу жүргізіледі, офистер вирустық инфекцияның алдын алуға арналған дәрілік заттар мен витаминдер жиынтығымен қамтамасыз етілді, бөлімшелерде қауіпсіз қашықтықты сақтау үшін белгі салу және тағы басқа да жұмыстар жүргізілді. Кеңсе фронт қызметкерлері үшін COVID-19 тегін тестілеу ұйымдастырылды.

Банк Бас банктің және Алматы ОФ-ның уақытында үйлеріне қайта алмаған, соның салдарынан Алматы қ. жұмысқа тартылған 200 астам басқа қаладан келетін қызметкері үшін кеңсеге тасымалдауды ұйымдастырды, уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етті, қонақ үйде тұру және үш мезгіл тамақтану ақысын төледі. 

Бұл ретте, жұмыс орындарында жұмыс істеген барлық қызметкер қажетті жеке қорғану құралдарымен (маска, қолғап) қамтамасыз етілді, оларды сатып алуға Банк 165 млн.теңгеден астам қаржы бөлді.

- Ал қалған басқа жұмыскерлердің мәселесі қалай шешілді?

- Halyk Bank-те команданың әрбір мүшесі бағаланады, сондықтан функционалды қашықтан жұмыс тәртібіне ауыстыру мүмкін болмағанда, кейбір қызметкерлерді (шамамен 30%) ҚР Еңбек кодексінде көзделгеннен артық мөлшерде ақы төлей отырып, мәжбүрлі демалысқа жіберу туралы шешім қабылданды. Бұл ретте мәжбүрлі демалыс ұзақтығы функционалға және қойылған міндетке байланысты болды. 

Банк басшылығы, қызметкерлер мен олардың отбасылары ел үшін қиын кезеңде қаржылық қиындыққа тап болуы мүмкін екендігін түсіне отырып, өз әріптестерін – еңбек ұжымының мүшелерін қолдауға шешім қабылдады.

Сонымен қатар, осы кезеңде Банк қызметкерлердің оларға ақы төленетін еңбек демалысын беру туралы өтініштерін ойдағыдай шешіп берді.

Өз кезегінде, мәжбүрлі демалысқа жіберілген қызметкерлер өз қалауымен Банк клиенттеріне қызмет көрсететін және жұмысы көбейген әріптестеріне көмектесу мүмкіндігіне ие болды. Мысалы, Алматы филиалы бөлімшелерінің және Банктің Байланыс орталығының қызметкерлеріне. Айтпақшы, қазіргі карантин банк бөлімшелері арасында ғана емес, сонымен қатар қазақстандық компаниялар арасында да ерекше ынтымақтастық үлгісін көрсетті десе болады.

- Осы туралы кеңірек тоқталып айтып өтсеңіз?  

- Иә, әрине. Карантин жағдайында Банк нарықтың басқа қатысушыларымен серіктестік үшін мүмкіндіктер іздеді. Мысалы, 24-сәуірден бастап «Кселл» телекоммуникация компаниясы және Halyk Bank 42 500 теңге мөлшерінде мемлекеттік әлеуметтік төлем мәселесі бойынша азаматтарға үздіксіз ақпарат беруді қамтамасыз ету үшін байланыс орталықтарының күшін уақытша біріктіру туралы шешім қабылдады. 

Байланыс орталықтарының күшін біріктіру Банк үшін де үлкен демеу болды, өйткені бұл байланыс орталығының операторларының жүктемесін төмендетті, сондай-ақ «Кселл» үшін де байланыс орталығының қызметкерлері демалыстардан шығуға және толық жұмыспен қамтылып, жұмыс істеуіне мүмкіндік алды.

Соңғы уақытқа дейін біріккен байланыс орталығында телекоммуникация компаниясының қызметкерлерін қосқанда 530 қызметкер жұмыс істеді, олар 42 500 тг төлеу мәселесі бойынша азаматтар мен банк клиенттеріне кеңес берді. 

- Компания осы жағдайдан қандай тәжірибе алды? 

- Осы екі айдағы жағдайдың күрделілігіне қарамастан, Халық банкі сияқты үлкен құрылымның жұмыс тәжірибесі осындай қатаң жағдайларда да жолға қойылған үздік басқару жүйесімен құрылымдалған компанияның жұмысын ұйымдастыру әбден мүмкін екендігін көрсетті. Бүгін, өткенге көз салсақ, артта қалған екі ай ішінде  Халық Банкі командасының ұйымшыл ұжымы карантин себебінен болған сынақтан абыройлы өтті деп сенімді айтуға болады.

Эрик САГИР
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр