Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Halyk Bank пен Tenge Bank Қазақстанда HUMO арқылы төлемдерді іске қосты

Halyk Bank және еншілес Tenge Bank Өзбекстан ұлттық төлем жүйесі HUMO-мен бірлесіп, HUMO мүше банктерінің карта ұстаушыларына Қазақстандағы сатып алулар мен қызметтер үшін Halyk Bank POS терминалдары арқылы төлем жасауға мүмкіндік беретін қызметті іске қосты.

Енді Өзбекстан азаматтары Қазақстанның ең ірі POS желісінде әдеттегі банк карталарымен, валюта айырбастамай не қолма-қол ақша алмай төлем жасай алады. Барлық операциялар өзбек сомында автоматты түрде айырбас арқылы, нақты уақыт режимінде жүргізіледі. 

Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев қызметтің іске қосылуы трансшекаралық төлем шешімдерін дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

"Біз елдеріміз арасындағы қолма-қол ақшасыз төлемдерді жеңілдетіп, қолжетімді ететін қызметті іске қосып жатырмыз. Қазақстан мен Өзбекстан арасында іскерлік, туристік және жеке сапарлар ұлғаюда, сондықтан бұл жоба адамдар мен экономиканың нақты қажеттіліктеріне уақтылы жауап ретінде іске қосылды. Halyk Bank POS желісінде HUMO жүйесі арқылы төлемдерді қабылдау трансшекаралық төлем қызметтерін дамытудағы маңызды қадам. Бұл Қазақстандағы Өзбекстан азаматтары үшін төлемдерді мүмкіндігінше қарапайым, ыңғайлы және қауіпсіз етеді, бизнес үшін жаңа клиенттер ағынын ашады. Halyk Bank үшін бұл Орталық Азияда трансшекаралық қызметтерді дамыту бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі", – деді Нариман Мұқышев.

Қызмет Өзбекстаннан Қазақстанға жұмыс, бизнес, оқу, медициналық көмек, туризм немесе шопинг себебімен келген қонақтар үшін төлемдерді айтарлықтай жеңілдетеді. Қазақстан бизнесі үшін бұл қызмет Halyk Bank эквайринг инфрақұрылымына толық интеграцияланған қарапайым және тұрақты төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етеді.

Төлем барысы мүмкіндігінше қарапайым: тұтынушы сатып алу үшін HUMO төлем жүйесіне қосылған физикалық немесе цифрлық банк картасымен, соның ішінде NFC арқылы төлейді. POS терминалы төлем жүйесін автоматты түрде таниды, валютаны айырбастап, тұтынушы немесе сатушы тарапынан төлемді қосымша әрекетсіз растайды.

"Halyk Bank экожүйесінің бөлігі ретінде Tenge Bank қаржылық қызметтерді шекараның екі жағындағы адамдар үшін ыңғайлы және қолжетімді етіп, үнемі дамытып келеді. Halyk Bank терминалдық желісінде HUMO төлемдерін қабылдаудың іске қосылуы HUMO карта иеленушілеріне қосымша картасыз, таныс төлем құралын пайдалану арқылы Қазақстанда жылдам және айқын төлемдер жасауға мүмкіндік береді", – деп атап өтті АКБ "Tenge Bank" басқарма төрағасы Бейбіт Хамитұлы Фалеев.

Қызмет Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сапарлардың артуына жауап ретінде іске қосылды. Бұрын Өзбекстан азаматтары қолма-қол ақшаны немесе айырбастау пункттерін қосымша комиссия төлеу арқылы жиі пайдаланатын. Жаңа қызмет бұл шектеулерді алып тастайды, қолма-қол ақшасыз төлемдерді жылдам және ыңғайлы етеді.

"Halyk Bank POS желісінде HUMO төлемдерін қабылдау - біздің төлем жүйеміздің халықаралық жобаларын дамытудағы маңызды қадам. HUMO карта иелері енді қосымша картасыз немесе күрделі жосықсыз өздеріне таныс төлем әдісін қолдана отырып, Қазақстанда сатып алулар мен қызметтерді төлей алады", – деп атап өтті HUMO компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Сергей Полянский.

Halyk Bank үшін бұл жоба – төлем инфрақұрылымын дамыту және көршілес елдердің азаматтарынан трансшекаралық төлемдерді қабылдауды кеңейту стратегиясының бөлігі. Банк қызметтің технологиялық сенімділігін, масштабталуын және төлем қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Halyk-тың Өзбекстандағы еншілес банкі Tenge Bank екі елдің қаржылық шешімдерінің үздіксіз технологиялық интеграциясын қамтамасыз етті.

HUMO жүйесі арқылы төлемдерді қабылдауды іске қосу бөлшек сауда, FMCG және қызмет көрсету салаларындағы айналымға оң әсер етеді деп күтілуде, сондай-ақ Halyk Bank POS инфрақұрылымының сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары үшін тартымдылығын арттырады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026 10:41