Halyk Bank EMEA Finance Achievement Award 2024 жүлдесінің иегері атанды
Фото: Halyk Bank
Halyk Bank 300 миллион АҚШ доллары сомасына синдикатталған қарыз тарту бойынша мәмілені сәтті жасағаны үшін СЕЕ өңірінде "EMEA Finance Achievement Award 2024" сыйлығының иегері атанды.
Halyk Bank Орталық және Шығыс Еуропа өңірі бойынша (CEE) "Синдикатталған қарыздар" санатындағы EMEA Finance Achievement Awards 17-ші жыл сайынғы сыйлығының жеңімпазы болды. Сыйлықты 2024 жылғы 16 қыркүйекте рәсімделген 300 миллион АҚШ доллары сомасына синдикатталған мерзімді қарызды сәтті тартқаны үшін беделді халықаралық EMEA Finance басылымы берді.
EMEA Finance Achievement Awards сыйлығы жыл сайын CEE өңірінің капитал нарықтарындағы ерекше жетістіктері, инновациялары және адал жұмысы үшін беріледі. Жеңімпаздарды EMEA Finance журналының редакциялық алқасы сараптамалық бағалаулар мен жетекші қаржы институттарының өтінімдері негізінде айқындайды. Белгіленген мәмілелер орындаудың жоғары деңгейін, нарыққа қатысушылардың сенімін және қаржылық құрылымдауға инновациялық көзқарасты көрсетеді.
Бұл мәміле банктің 2008 жылдан бері синдикатталған қарыздар бойынша халықаралық нарыққа алғашқы оралуын белгіледі. Бастапқыда қарыз көлемі 200 миллион АҚШ долларын құрады, бірақ жоғары сұранысқа байланысты оның көлемі ұлғайтылып, Солтүстік Америка, Еуропа, Таяу Шығыс және Азияның 12 банкі қолдау көрсетті.
EMEA Finance тануы Halyk Bank-тің Қазақстанның қаржы секторындағы орнықты көшбасшы екенін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның қаржы институттары үшін халықаралық капитал нарықтарына кеңірек қол жеткізуге жол ашқан бұл мәміленің айрықша маңыздылығын атап көрсетеді. Бұл мәміле жаһандық инвесторлардың ел экономикасына деген қызығушылығының артып келе жатқанын дәлелдейді.
"EMEA Finance тарапынан мұндай марапатты алу біз үшін үлкен мәртебе. Бұл мәміле біздің халықаралық капитал нарықтарына оралуымыздың маңызды кезеңін білдіреді және Халық банктің жетекші әлемдік институттармен серіктестікте жақсы құрылымдалған, жоғары сапалы қаржыландыру шешімдерін ұсыну қабілетін растайды" – деп атап өтті Халық Банктің Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова.
Банк туралы:
Halyk Bank – 100 жылдан астам тарихы бар жүйе құраушы әмбебап коммерциялық банк. Банк банктік, сақтандыру, лизингтік, брокерлік, активтерді басқару және өмір салтына (лайфстайл) байланысты қызметтерді қоса алғанда, қызметтердің кең спектрін ұсынатын Қазақстандағы ең сенімді және әртараптандырылған қаржы институттарының бірі болып табылады.
Halyk Bank акциялары Қазақстан қор биржасында (KASE) 1998 жылдан бастап, Лондон қор биржасында (LSE) 2006 жылдан бастап және Астана халықаралық биржасында (AIX) 2019 жылдан бастап тізімделеді.
Halyk Bank 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық активтері шамамен 18,5 трлн теңге болатын Қазақстандағы ең ірі банк болып табылады. Банк Қазақстанның коммерциялық банктері арасында экономиканың нақты секторының 50%-дан астамын кредиттейді. Банктің елдегі ең ірі клиенттік базасы және бүкіл ел бойынша 542 филиалы мен қызмет көрсету бөлімшелерімен қоса ең тармақталған филиалдық желісі бар. Сонымен қатар Halyk Bank Грузия мен Өзбекстанда да операция жүргізеді.
Қазіргі уақытта Halyk Bank-тің сенімділігі мен тұрақтылығын жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктер жоғары бағалады:
– Moody's Investors Service: Baa1 (болжамы "Тұрақты");
– Standard and Poor's: BBB - (болжамы "Тұрақты");
– Fitch Ratings: BBB- (болжамы "Тұрақты").
Halyk Bank туралы қосымша ақпаратты https://halykbank.com/about/ сайтынан табуға болады.

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
