AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халықтың табысы баға өсіміне ілесе алмайды": Экс-министр тұрғындардың табысын арттыруға арналған бірнеше жолды атады

Бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баға өсімінің әлемдік үрдіс екенін айтады. Дегенмен қазір Қазақстанда тұрғындардың табысы азық-түліктің қымбаттауына ілесе алмайды. Экс-министрдің мәселені шешудің бірнеше жолын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мамытбеков

"Сұрауы бар" бағдарламасына берген сұхбатында Асылжан Мамытбеков әлеуметтік осал топтар мен ардагерлерге берілетін көмекті көбейту керек екенін мәлімдеді. 

"Біз табыс өспей жатыр деп айтуымыз керек. Зейнетақы, стипендия, әлеуметтік көмек баға өсімінен қалып отыр деп айтқан дұрыс. Бұл нарықтық экономикаға сәйкес келеді. Алайда үкімет "Салығымыз жетпейді, бюджеттегі табыс көзі жетпейді" деп айтуы мүмкін", – дейді ол. 

Мамытбековтің сөзінше, бюджетке түсетін табысты арттырудың жолдары өте көп. 

"Салық саясатын өзгерту керек. Сонымен қатар Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымын есептесек, Қытайдың есебі бойынша бізге жіберілген тауар біздегіден бірнеше есе көп. Яғни тауар елге есепсіз кіргізілген. Ал бюджетке баж салығы төленбейді. Бұған тосқауыл қойып, бюджет арқылы өткізсек, бюджетке қаржы түседі", – деп түсіндірді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр