Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халықтың 80 пайызы несиеге байланған": Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қаржылық сауат туралы айтты

Отандық киноларда басты рөлді сомдап жүрген актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарымен ақша тақырыбында әңгіме өрбітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Актрисаның оқырмандары ақшадан басқа да дүниелерге тәуелді екенін жарыса жазып жатыр. 

“Тәуелсіз болу – өз ойын анық жеткізе алатын, өзіндік пікірі бар, өз-өзін құрметтеу” деп жазған оқырманына әнші келісетінін айтты. “Ешкімді сүймесең ғана тәуелсіз болып өмір сүруге болады” деген жазбаға актриса тіксініп қалды. “Біреуді сүю оған тәуелді болу ма?” деп қарсы сұрақ қойды. Енді бір жанкүйері: ”Мен сіздің сұрағыңызды түсінбедім, себебі күйеу мен ата-енеге тәуелдімін. Солардың айтқанымен жүремін” деген ойға, актриса: “Бастысы өз еркіңізбен болса мәселе жоқ”,– деп жұбатты.

Актрисаның айтуынша, оқырмандарының жартысынан көбісі – ақшаға тәуелді. 

“Қарызым көп. Тапқанымның бәрі несие жабуға кетеді. Қаражат жағынан тәуелсіз болғым келеді” деген бір топ оқырмандарына көмектесу үшін уақыт беруін сұрады. 

“Статистика бойынша биыл 18 жастан асқан халықтың 80 пайызы несиеге кіріп отыр. Оның 60 пайызы дер кезінде төлей алмай, қиындыққа тап болған. Әр адамға қаржылық сауат керек. Халық несие алу тәртібін білмейді. Қандай жағдайда несиеге жоламау керегінен хабарсыз. Тапқан табысыңызды өзіңіз реттемесеңіз, банкке қарыз болып жүресіз. Сондықтан қаржылық сауатты арттыратын пайдалы мәлімет оқыңыз. Мамандардың кеңесіне жүгініңіз , – деп бағыт-бағдар берді актрисаның өзі.

Талқылау