Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Халықтың 80 пайызы интернеттен адасады”. Дін саласындағы өзекті мәселелерге арналған байқау басталды

Алматыда дін саласындағы өзекті мәселелерге арналған байқау басталды. Конкурс жат ағымның салдары мен себептерін көтеруге, сананы улайтын сансыз насихаттың салмағы жоқ екенін көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Байқау 4 номинация бойынша іріктеледі. Қалалық дін істері жөніндегі басқарманың діни бірлестіктермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бақдәулет Әбдіхамитовтың айтуынша, конкурсқа БАҚ өкілдерімен қатар ерікті азаматтар да қатыса алады.

Соңғы статистикаға сүйенсек, халықтың 80 пайызы осы әлеуметтік желілерден, интернет беттерінен түрлі уағыздар тыңдап, жат ағымның жетегінде кетеді екен. Осы мәселенің алдын алу және елдегі нақты деструктивті және радикалды діни ағымдар идеологиясының зияндылығынан хабардар ету мақсатында осы шараны ұйымдастырып отырмыз, - дейді ол. 

Байқау биыл 5-ші жыл қатарынан өткізілуде. Жалпы жүлде қоры 1 350 мың теңге. Материалдарды қабылдау 1 қазанға дейін жалғасады.  

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі үздік мақала - 250 000 тг.

- интернет-ресурстағы орыс тіліндегі үздік мақала - 250 000 тг.

- интернеттегі және әлеуметтік желілердегі ең жақсы тақырыптық қысқа бейнеролик - 350 000 тг. 

- ең белсенді блогер - 250 000 тг.

Сондай-ақ, қосымша белсенді 5 адамға - 50 000 теңге сомасында сыйақы сертификаттарын беру жоспарда. 

Байқау талаптары мен ережелері қалалық дін басқармасы ресми сайтында толық жарияланады. Әрі әлеуметтік парақшаларында нақты мәліметтер көрсетіледі.

Талқылау