Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халықтық ІРО": Акция сатып алу кезінде жалған брокерлерді қалай ажыратуға болады 

2022 жылдың желтоқсанында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры "ҚазМұнайГаз" компаниясының акцияларын қор биржасына шығаруды жоспарлап отыр. Кез келген Қазақстан азаматы газ өндіру операторының акциясын сатып ала алады. Сарапшылар акция алу кезінде жалған брокерлерді қалай ажыратуға боатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі FinGramota.kz сайтына сілтеме жасап. 

брокер

ІРО – биржада акциялар орналастыру арқылы акционерлік қоғамның акцияларын инвесторлардың шектеусіз тобына алғашқы жария ұсыну. IPO-ның нәтижесінде компания акциялары биржадан тыс айналыста болатын жеке компаниямен салыстырғанда жария компанияға айналады, оның есептілігі – айқын, ал оның шығарған бағалы қағаздары инвесторлардың кең аясы үшін қол жетімді болып келеді.


 


Ал жалған брокерлерде бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия болмайды. Сондай-ақ кейбірі Қазақстан Республикасының резиденттері емес, сәйкесінше елдегі қаржы реттеушісі олардың қызметін бақылап, қадағалай алмайды. Жалған брокерлердің кеңселері ел аумағында болмағандықтан, оларды табу және ақшаны қайтару да қиынға соғады. 

Көп жағдайда алаяқтар тіркелмеген нөмірлерден қоңырау шалып, электронды хаттар жібереді. Сонымен қатар инвестициялауға байланысты жалған құжаттардың сканерлері бар хабарламалар жолдайды. Алаяқтар барынша клиенттерді агрессивті жарнамалармен тартып, жоғары кіріс пен тұрақты табыс табуға уәде береді. Сенімді болуы үшін ірі компаниялардың атаулары мен логотиптерін қолданады. 

Брокерді тексеру үшін алдымен Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат беретін лицензиясының бар-жоғын анықтау қажет. Осындай лицензиясы бар брокерлік және дилерлік ұйымдардың тізімін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.gov.kz сайтынан "Тізілімдер және рұқсаттар" бөлімінде көруге болады.

Назархан Уән
Сейсенбі, 08 Қараша, 2022 15:44
Талқылау