"Халқымның қаны төгілсе, қарап қалмаймын": Қайрат Нұртас қамалғандарды босатуды сұрады

Қайрат Нұртас халықтың қаны төгілсе, қарап қалмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

Белгілі әнші желідегі парақшасына саяси жағдайға бей-жай қарамайтынын айтып, жазба қалдырған.  Өзін көтерген халық екенін айтқан өнер иесі елдің жағында екенін жасырмады. Халықтың қаны төгілсе, қарап қалмайтынын айтып намыстанды. 

"Ия мен әншімін. Бұл менің бала-шағамды асырап отырған жұмысым. Осы уақытқа дейін ешкімнің жағына шыққан адам емеспін, себебі xалықтың тыныштығы мен үшін ең маңыздысы. Алайда соңғы жаңалықтарға байланысты айтарым, xалқымның қаны төгілсе қарап қалмаймын. Өйткені мені көтерген xалық! Елімде болып жатқан жайттарға жүрегім ауырғаннан, бей-жай қарап, үнсіз отыра алмаймын", - деп жазды Қайрат Нұртас.

Биліктегілерді осылайша халықтың қалауына құлақ асуға шақырды Қайрат Нұртас. Әнші жұртты сабырға шақырып, ашуға булықпай, қалағанымызды мемлекеттен бірге заңды түрде талап етейік, қан төкпейік деп шырылдаған. Сонымен қатар, өнер иесі қамауда жатқан халықты босатуды сұрады.

"Бірақ 1986 жылғы оқиғаның, қазағымның қаны төгілгенін де қаламаймын. Құдай сабыр берсін! Биліктегілерге xалықтың мұң-мұқтажын еститін кез келді. ҚР Конституциясына сәйкес мемлекеттің ең бірінші байлығы ол - халық. Халыққа қарсы шығу ол Аллаға қарсы шығумен тең. Осы орайда үкіметтен барлық жан айқайын жеткізіп қамалған бауырларымды, халықты босатуды сұраймын! Бұл дүниеде барлық нәрсе Алланың қалауымен болатынында естен шығармағанымыз абзал! Алланың өз есебі бар шығар. Бүлік шыққан мемлекеттердің де оңғанын көрмедім. "Ашу дұшпан, ақыл дос" демекші, барлығына басқаша қарайық. Құдай қайырын берсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Мен Сіздерді жақсы көрем", - дейді өнер иесі.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жыныстық қатынас арқылы: Дәрігер қазақстандықтарға арқа ауруын емдеудің жолын үйретті

Жыныстық қатынас психологиялық және соматикалық денсаулықты жақсартады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған
Çàãðóçêà...