Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықаралық турнирдің финалына шыққан екі палуан жарыс жеңімпазын "су-ли-фа" ойнап анықтады

19 қарашада Қырғызстанның екі грек-рим палуаны – Атабек Әзісбеков пен Мелис Айтбеков Билл Фаррелдің құрметіне ұйымдастырылған турнирдің финалына шықты. Бірақ олар күреспей, турнир жеңімпазын “су-ли-фа” ойнап анықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sport АКИpress-ке сілтеме жасай отырып.

“Су-ли-фа” ойынының нәтижесі бойынша бірінші орын Атабек Әзісбековке (87 келіге дейін) бұйырды. 

Спортшылардың бұл әрекетіне не түрткі болғаны белгісіз. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 21 Қараша, 2022 08:33
Талқылау