Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықаралық сот Путиннің халықаралық олимпиадалар мен спорттық додаларға қатысуына шектеу қойды

Спорттық арбитраждық соты ресейлік спортшыларды халықаралық сайыстарға қатысудан 2022 жылдың 16 желтоқсанына дейін шеттету туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

РесейСот Әлемдік допингке қарсы агенттік пен Ресейдің допингке қарсы агенттігінің арасында өткен. Ресми ақпаратқа сенсек, Ресей тарапына шығарылған үкім әлдеқайда жеңілдетілген екен. Бұған қоса, ресейлік агенттік 1,27 миллион доллар өтемақы төлеуі тиіс. 

Қазіргі таңда Ресейдің допингке қарсы агенттігі сот шешімімен толығымен келіспейтінін жеткізді. 

"Агенттік Спорттық арбитраждық сотының үкіміне қанағаттанбайды. Өкінішке орай, біздің тараптың келтірген дәлелдердің барлығы назарға алынбады. Агенттіктің қайта қалпына келуі үшін екі жыл уақыт берілді", - деп мәлімдеді Ресейдің допингке қарсы агенттігі.

Тағы бір айта кетерлігі, ендігәрі Ресей президенті Владимир Путин және Ресей үкіметінің, Мемлекеттік Думаның депутаттары халықаралық жарыстарға көрермен ретінде қатыса алмайды. Дегенмен егер сайыс ұйымдастырушы мемлекет жеке шақырту жіберетін болса, бұл шектеулер күшін жояды. 

Сонымен қатар, Ресейге әлемдік спорттық дода ұйымдастыруға тыйым салынды. 

STAN.KZ
Жұма, 18 Желтоқсан, 2020 07:25
Талқылау