Сауд Арабиясынан діни мазмұндағы кітаптар алып келген қазақстандыққа 185 мың теңге айыппұл салынды
Халықаралық рейспен ұшып келген 22 жастағы жолаушыға 35 дана діни кітаптарды заңсыз әкелгені үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
"Әбу-Даби-Түркістан" бағыты бойынша рейс қонып, келген азаматтарды тексеру барысында қалалық әуежайда “Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы” заңнаманы бұзған 22 жастағы Атырау қаласының тұрғынын анықталды.
Тексеру барысында азаматтан 35 дана діни мазмұндағы кітаптар табылып, тәркіленді.
Құқық бұзушы Қазақстанның заңнамасында діни әдебиеттерді әкелу кезінде белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласы ПД қызметкерлері жүргізген мониторинг барысында Дін істері комитетінің мемлекеттік стандартына сәйкес келмейтін кітаптарды заңсыз сату дерегін анықтағаны туралы жазған едік.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ