Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Швециядан Қазақстанға экстрадицияланды

Халықаралық іздеу жарияланған күдікті Швециядан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Бейнеден алынды

Алматыда 2019 жылдың тамыз айында өздерін Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріміз деп таныстырған бір топ адам кәсіпкер ісіне тексеру жүргізіп, қылмыстық жауаптылыққа тартамыз деген желеумен 30 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты жымқырмақ болған.

Олардың қылмыстық әрекетінің жолын кесу кезінде, біреуі жасырынып үлгерген. Содан кейін күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған еді. Кейіннен Қазақстанның өтініші бойынша оны Швеция Корольдігінің құқық қорғау органдары Стокгольм қаласында ұстады. 

Бас прокуратура мен ІІМ Интерпол қызметкерлері және Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен күдікті Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі таңда күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Талқылау