Халықаралық іздеуде жүрген: Ақмола облысында ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды

Ақмола облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ: Алматы облысында түрмедегі зорлық оқиғасына қатысты 7 қызметкер жұмыстан кетті

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 18 ақпанда Аршалы аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Ижевск ауылының тұрғыны, 86 жастағы әйел адам арызданған. Кейуана бұрыннан таныс ер адам денесіне залал келтіргенін және қорқытып, 70 мың теңгесін және "BQ" маркалы ұялы телефонын алып кеткенін мәлімдеген.

"18 ақпанда сағат 17:00 шамасында Ижевск ауылында мас күйдегі күдікті біреудің мүлкін ұрлау мақсатында қарияның үйіне барған. Әжейдің жалғыз тұратынын білген ол алдымен оны алдап үйге кіріп, темір есікті ішінен жауып алады. Қарияны сабап, отверткамен қорқытады. Кейін газ плитасындағы газ балонын жұлып алып "үйді өртеймін" деп ақша және алтын бұйымдарды беруді талап етеді. Зардап шегуші қорыққандықтан 70 мың теңгесін береді. Ер адам бұнымен қоймай, теледидардың кабелімен қауқарсыз қарияның аяқ-қолын байлап соққылайды. Отверткамен мойын тұсынан жарақат салады. Артынша үстелдің үстіндегі ұялы телефонды алып, кетіп қалады" - делінген хабарламада.

Аталған фактіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің "қарақшылық" бабы бойынша іс қозғалады. Содан соң Аршалы аудандық соты күдіктіні "қамауда ұстау" туралы санкция шығарады. Күдіктіге іздеу жарияланады. 

Жедел іздестіру шарасы кезінде 27 қыркүйекте 49 жастағы күдікті Целиноград ауданының Қоянды ауылының аумағында қолға түсіп, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. 

Сонымен қатар, күдікті жергілікті фермалардың бірінде өзге құжатпен жұмыс істегені анықталды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр