Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар шетелде жүріп адамдарды есірткі саудасына тартқан: 40 адам ұсталды

Қазақстандықтар шетелде жүріп адамдарды есірткі саудасына тартқан: 40 адам ұсталдыФото: Видеодан скрин

Ішкі істер министрлігі шетелде құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операция кезінде адамдарды есірткі бизнесіне тартқандарды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұйымдастырушылар шетелде отырып, интернет ресурстар арқылы “жалақысы жоғары жұмыс” туралы жарнама таратқан. Олар жұмыстың заңды екенін айтып, азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартқан.

Олар орындаушыларға арнайы колл-орталықтар арқылы нұсқау беріп отырған. Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды.

“Есірткі таратуға қатысы бар 11 адам қамалды. Одан бөлек, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды. Операция барысында синтетикалық есірткі, компьютерлік техника, банк карталары, смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленді”, – деп мәлімдеді ведомство.

Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасып жатыр.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026 10:40