Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет құрылады": Президент реформалардың жаңа пакетін жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру рәсімі кезінде реформалардың жаңа пакетін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаевтың айтуынша, алдағы жыл қазақстандықтар үшін межелі жыл болмақ. Ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтеді.

"Бұл өткенге көз жүгіртіп, қорытынды жасайтын уақыт. Халқымыз үшін осы маңызды датаны нақты істермен және жаңа жобалармен қарсы аламыз. Даңғаза ақциялар мен даурықпа шаралардан бас тартып, бүкіл іс нақтылыққа құрылатын болады. Экономика, әлеуметтік сала, экологиядағы жүйелі шаралардың көлемді кешенін іске асыруды жалғастырамыз. Тұрғындардың барлық топтарының, әсіресе жастар, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне баса мән береміз. Біз еліміздегі саяси жаңғырту үдерісін жалғастыра береміз", – деді президент.

Мемлекет басшысы келесі жылдың басында жарияланатын жаңа реформалар топтамасы туралы айтты.

Оның сөзіне қарағанда, бұл "халық үніне құлақ асатын мемлекет" құруға, әділет және тең мүмкіндіктер қағидаттарын бекітуге бағытталған Қазақстандағы демократиялық түрленуге тың серпін береді. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өткізу келесі жылдың тағы бір маңызды оқиғасы болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сайлау жоғары азаматтық белсенділік танытып, қоғамның саяси сауатты екенін көрсететініне сенім білдірді. Сайлау науқаны қазақ мемлекеттігінің институционалдық тұрақтылығын дәлелдейді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр