"Қазақ еліне -1 проблема": Қайрат Нұртас жаңа туған қызымен серуендеп жүрген видеосын жариялады
Фото: https://www.instagram.com/kair_n/
Танымал хитмен Қайрат Нұртас жары Жұлдыз Әбдікәрімовамен бірге жүрген видеосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иелері жаңа туған сәбиімен қыдырып жүр.
Желі қолданушылары сүйікті әншісінің отбасымен бірге екенін көріп, жүрекжарды тілектерін жаудырып жатыр.
“Қандай керемет көрініс”, “Халық осы сәтті көп күтті”, “Енді шешесі келсе, жақсы болар еді”, “Отбасыңның жанында болу – бір бақыт”, Жып-жылы сурет", "Қайрат қызымен бірге", “Қазақ еліне -1 проблема”, "Әр сәби жыламасын", "Уақыт тауып келді-ау", "Жүрегім орнына түсті", – деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас үшінші қызына елде жоқ есімді қойғанын жазған едік.
“Рәбия Сұлтанды қырық күнге толтырып, салт пен дәстүрге сай, бар ырымын жасап, қырқынан шығарып алдық. Шүкір! Еркін, батыл, батыр, қайсар қыз болып өссе деген аналық тілегім бар”, – деп жазды Жұлдыз.
Алайда эстрада жұлдызының анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова келінін құттықтамаған еді.
“Әшейінде тамағына дейін салып отыратын еді, немересі дүниеге келгенде үнсіз қалды”, “Немере көре алмай кеткен қаншама адамдар бар”, “Қайрат пен Жұлдызды ажырастырған шешесі”, “Бұл әулет Жұлдызды менсінбейді, сосын ол да бұларды керек етпейді”, “Қайрат екеуі үнсіз отыр , “Ұрпақтарыңды көбейтіп жатыр”, “Шампунь сатып, қолы тимей жатқан болар”, – деп әншінің жанкүйерлері.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
