"Халық көшеге шығып дүкендерді тонайды": Отандық бизнесмен карантиннің қандай қиындықтарға әкелетінін айтты

Қазақстандық танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембай еліміздегі карантин мен төтенше жағдай билік жасаған оң шешім екенін айтты. Алайда жұмыссыз отырған халық тұрмысқа керекті заттар алу үшін қаражат таппай көшеге шығып, ұрлыққа бару мүмкін деп дабыл қақты. Бұл туралы ол Youtube-каналында "Марғұлан не дейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мағұлан Сейсембай

"Төтенше жағдай бұрынғы өміріміздің қаншалықты бейқам әрі жайбарақат екенін көрсетті", - деген Марғұлан Сейсембай еліміздегі мұндай оқиға өмірімізді күрт өзгертіп, өзімізге үйреншікті әдеттерімізден айырылдық дейді. 

"Төтенше жағдайдың және карантиннің ең бірінші, түпкі себебі - денсаулық сақтау саласының пәрменсіздігі. Егер коронавирус індеті тез таралып, көп адамға жұқса, онда біздің медицинамыз барлық ауырып қалған адамдарды емдей алмайды. Емханаларымыз тез толып, дәрігерлер мен өкпеге оттегі беру құралдарының тапшылығына келіп тірелеміз. Міне, сонда сұмдықтардың барлығы басталады. Дәрігерлер емделіп шығуға мүмкіндігі аз адамдарды емдемей қояды және олар қай адамның өліп, қай адамның емделетінін өздері шешеді. Кәрі адамдар ешбір ем ала алмай емхана дәліздерінде өліп жатады. Бұл адам басына сыймайтын сұмдық болып естілсе де, дәл қазіргі Италияда болып жатқан жағдай", - деп, алдағы уақытта болуы мүмкін сұмдықты болжады. Кәсіпкер дәл осындай індет жайлаған кезде біздің биліктің амал-әрекеті дұрыс па деген сауал төңірегінде пікір білдірді.

"Менің ойымша, біздің биліктің төтенше жағдай мен карантин енгізуі өте дұрыс шаралар. Халықты барынша оқшаулау - өте орынды шара. Мұндай төтенше жағдайларда билік халық денсаулығын ең бірінші орынға қою керек", - деген ол бұл бергі, жақын арадағы мәселелердің шешімі ғана екенін айтады.

"Кейінірек туатын мәселелерді алатын болсақ, көптеген қиындықтар туындайды. Біріншіден, біздің экономикамызда төтенше жағдай мен карантин себептерінен болатын күйзеліс пен дағдарыс. Оның өзі екі мәселеден туады. Біріншіден, карантин бір ай бола ма, екі ай болады ма -  ешкім білмейді. Қанша уақыт болғаныменен, екі қалада қамалып отырған миллиондаған халық, оның ішінде, табыссыз отырған ер адамдар не істейді? Қажеті заттарды алу үшін қаражатты қайдан алады? Егер үкімет осы сұрақтарға нақты жауап бере алмаса, онда халық изоляция мен төтенше жағдайға қарамай көшеге шығып, ұрлық пен тонауға көшеді. Ал полиция мен қарулы күштер мұндай жағдайды тоқтата алмайды. Сондықтан үкімет еріксіз төтенше жағдайдың құрбаны болып қалған халықтың қаражатын қамтамасыз ету керек", - деп өз ойын ашық айтқан Марғұан Сейсембай басқа шет елдерде үкімет өзінің табыссыз қалып қалған халқына көмек көрсетіп жатқанын мысалға келтірді. Сонымен қатар ол халықты жұмыссыз, табыссыз көп ұстап отыруға болмайтынын ескертті. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 450-ге жақындады

Инфекцияның тағы төрт жағдайы Қазақстанның үш аймағында тіркелді

Мұнай бағасының қайтадан төмендеуі тіркелді

Мұнай төрт-алты пайызға арзандады

Әскери міндеттілерге жиын кезінде қанша теңге төлейді?

Жиын уақытында әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала

Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны миллионнан асты

Қытайда коронавирустық инфекцияның басталуынан бірнеше ай ішінде әлем бойынша 53 000 200 адам қайтыс болды

Коронавирус ешқайда кетпейді және жоғалмайды– Денсаулық сақтау министрі

Сонымен қатар, ол ғалымдардың жағдайдың одан әрі қалай дамитыны туралы болжамдарын айтты.

42500 жәрдемақысын ЭЦҚ-сыз қалай алуға болады

SMS авторизациясының көмегімен "Төтенше жағдай кезіндегі 42500 теңге төлемі" қызметін ала аласыз

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі төтенше жағдай кезінде қашықтан жұмыс істейтін каналдар жұмысын күшейтті

Әскери жиын үш айға созылады - Қорғаныс министрі

Елдегі шағын және орта бизнес иелері салықтан босатылды

Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі айтты

СҚО-да бес жасар бала коронавирус жұқтырып алды

2015 жылы туған бала Петропавл қаласында тұрады
Çàãðóçêà...