Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Халық "Қазақмысты" мемлекет меншігіне қайтару мәселесін көтеруі керек – депутат

Бақытжан Базарбек "Қазақмысты" мемлекет меншігіне қайтару мәселесін көтеру керегін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Коллаж: Stan.kz 

Бақытжан Базарбек жер қойнауын пайдаланушылардың жауапкершілігін күшейтуге мүдделі екенін айтып, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мемлекетке қалай қайтарылғанын еске салды.  

"АрселорМитталдың” көмір шахталарын мемлекет меншігіне қайтару қиын болды. Бұл оңай шаруа болған жоқ. Оның үстіне қанша адам құрбан болды", – деді депутат.  

Ол Қазақстандағы барлық табиғи ресурстардың иесі – халық екенін еске салып, "Қазақмыс" компаниясын мемлекетке қайтару мәселесін қоғамның өзі көтеруі керек екенін айтты.  

“Бұл мәселеге ерте ме, кеш пе қайта ораламыз деп ойлаймын", – деп түйіндеді Бақытжан Базарбек.

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-ның Жомарт кеніндегі үйінді астынан жеті қызметкердің де денесі табылды

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 18 Ақпан, 2025 19:16
Талқылау