Халық ем іздейтін мазар: Атырауда белгісіз біреу 12 зиратты қиратып кетті
Атыраудан жантүршігерлік оқиға болды. Тасшығыл ауылында жергілікті тұрғындардың біреуі Мәтен қожа мазарын өртеп, маңындағы тағы 12 зиратты қиратып кетіпті. Бұл туралы Stan.kz ақпаарт агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғындардың айтуынша, молаға от қыркүйектің 27-де қойылыпты. Тұрғындар мен өрт сөндірушілер өртті екі сағат жүріп зорға сөндірген.
Ауылдағылар, "От қойған бұрыңғы шырақшы", деп отыр. Алайда, оған ресми дәлел жоқ. Айта кетейін. Мәтен қожа моласына жергілікті халық ем іздеп келеді екен. Әулиенің бейіті кімге кедергі болғаны әзірге белгісіз.
"Атаның мазарын сындырған, атаның түнек үйін өртеп жіберген. Бірақ түнек үйінің заттарын біздер далаға шығардық. Атаның түнек үйін алып қалдық. Басқа ештеңе алып қала алмадық", - деді Қызылқоға ауданының тұрғыны Нұртас Бекмағамбетов.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”