AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халық банкі" басшысының ұлы Сәкен Шаяхметов Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған "Халық банкі" басшысының ұлы Сәкен Шаяхметов өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

сакен шаяхметов

"Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов берген өтінішінің негізінде қызметінен босатылды. Ол өнеркәсіп, инновациялық-индустриалды даму, кәсіпкерлік және цифрландыру мәселелеріне жетекшілік еткен", - делінген облыс әкімінің түсініктемесінде.

Бұл қызметті Шаяхметов 2020 жылдың 20 ақпанынан бастап атқарып келеді.

Өңір жастарының есінде 31 жастағы экс-замәкім "Ертістегі қала" атты рэп-әнінің өзіндік нұсқасы арқылы қалды. Экс-шенеунік өткен жазда өткен жастармен кездесуінде өз шығармасынан рэп оқып берген. Шаяхметов кездесуге "Мен рэпер емеспін" деген жазуы бар жейде, джинсы шалбар мен кроссовкада "галстуксіз" келгені айтылған.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметке сәйкес, Сәкен Шаяхметов Қазақстан Халық банкінің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың үлкен ұлы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр