Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халық 9 сағат бұрын жиналған": Жетісайда Қайрат Нұртастың концерті бұрын-соңды болмаған кептеліс жасады

Фото: Видеодан скриншот

Танымал мегажұлдыз Қайрат Нұртастың Жетісай қаласындағы концерті аншлагпен өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің анасы әрі продюсері концертті баяндап берді.

“Жетісайда халықтан біраз әңгіме естіп жатырмын. Бір жағы қуанып, екіншіден уайымдап қалдым. Үлкен ата-әжелер таңғы сағат 11-ден келіп алыпты. 9 сағат бұрын келіп алған. Көбі – көрші ауылдың адамдары екен. Қайратты көреміз деп ерте келген. Күн жанып тұр. Терлеп, су болып кетіпсіз десе де, көнбей қойыпты. Алла жүрегі баламыз деп елжіреген аналарымызға ғұмырлы да мәнді өмір берсін! Тек аналарымыз емес, еңбектеген баладан бастап жастарымыз да келді. 6 мың халық күтіп тұрды. Амандықтарыңызбен қуанта беріңіздер, жандарым сол!?￰ Жетісай халқына алғысымыз шексіз! Алла бұйыртса,  Астана қаласында ұлымыздың ән-кешінде баршаңызды күтеміз!", ­– деп жазды Гүлзира Үсенқызы.



Желі қолданушылары концертті қызу талқылап жатыр. 

“Жетісайда бұрын-соңды болмаған кептеліс болып, үйге әрең жеттік”, “Қайратты көреміз деп бүкіл ел жиналды”, “Халық ыстыққа шыдамай кетіп қалды”, “Мен 5 баламмен бардық, Қайрат керемет концерт қойды”, “Ыстық болса да шыдадық”, “Қайраттың даусы өзгеріпті”, – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, Жұлдыз Әбдікәрімова қызының мектеп бітіру кешіне Қайрат Нұртастың келмегенін айтқан еді.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 02 Шілде, 2025 09:53
Талқылау