Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халат киген қыз, Қыдыр ата: Дауыс беруге ерекше киінгендер көптің назарын аудартты

референдумға киім

Сайлау учаскелеріне ерекше киініп келгендер көптің назарын аударып жатыр. Мәселен Астана мен Қостанайдағы дауыс берушілер желіде қызу талқылануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанадағы сайлау учаскесінде ақ халат пен тәпішке киген қыз робот-итпен бірге дауыс беруге келді. Дауыс беру процесінде робот-ит белсендімен бірге сайлау учаскесінде болды. Қыз тіркеліп, бюллетенін сайлау жәшігіне тастады.


Қазақстанда референдум басталды: Неше сайлау учаскесі ашық екені белгілі болды


Қостанайдағы сайлау учаскесінде Қыдыр ата тұрғындарға бата беріп, содан кейін өз таңдауын жасады.

"Наурыз – береке мен молшылық әкелсін, отбасыларың аман болсын, ел бірлігі нығайсын!", – деді ол.

референдумға киім

Ақмола облысында дауыс беру ұлттық нақышта өтті. Бір азамат бүркітпен, ал екіншісі қазақтың аңшы иттері – тазымен бірге учаскеге келді.

Орал тұрғыны №268 сайлау учаскесіне референдумға "Фиксиктер" мультфильмінің кейіпкері болып келді. Сөзінше, бұлай киінуінің мәні бар. Фиксиктер үнемі бәрін түзетіп, жақсартып жүреді. Мен де елімнің дамуына үлес қосқым келеді дейді жігіт.

размещение

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 15 Наурыз, 2026 09:12