Хабиб Нурмагомедов АҚШ-та ұшақта стюардессамен қарсыласқаны үшін рейстен шығарылды
Бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов АҚШ-та ұшақта стюардессамен қарсыласқаны үшін рейстен шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: видео кадрларынан скрин
Essentially Sports хабарлауынша, American Airline авиакомпаниясының ұшағымен ұшар алдында стюардесса Хабибтен апаттық есік алдынан басқа жаққа отыруын сұраған. Алайда Нұрмагомедов орнын ауыстырудан бас тартқан. Содан кейін стюардесса өзге қызметкерді шақырып, Нұрмагомедовты рейстен шығаруға мәжбүр болған.
Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрларда стюардесса Нұрмагомедовқа апаттық шығу қатарында отыруға рұқсат бере алмайтынын түсіндірген.
"Бұл әділетсіз. Мен алға‑артқа ауыспаймын", – деп жауап берді спортшы.
Нурмагомедов мансабында аралас жекпе-жектен барлық 29 жекпе-жекте жеңіске жетті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

