AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Х" жынысты: АҚШ-та бірінші гендерлік-бейтарап төлқұжаты берілді

АҚШ билігі алғаш рет гендерлік-бейтарап төлқұжат берді. Мұнда "жынысы" деген бағанда "Х" деп көрсетілген, яғни құжат иесі өзін әйелге де, еркек де ұқсатпайтынын білдіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап. 

төлқұжат

Cурет: Reuters.com сайтынан

Құжат Дана Ззым есімді 66 жастағы тұрғынға берілген. Белсенді 2015 жылдан бастап осындай құжат алу үшін АҚШ Мемлекеттік департаментімен соттасып келген. 

Ззым америкалық әскери-теңіз флотында қызмет еткен. Өзінің жеңіске жетуін қуанышты жаңалық деп санайды.

"Енді мен кез келген жерге барып, "Иә, бұл менің мінездемем" деп айта аламын", - дейді Дана Ззым.

Бұған дейін АҚШ билігі Данаға "жынысы" деген бағанға "әйел" не "еркек" екенін көрсетуді талап етіп, құжат беруден бас тартқан. 

"Бұл түрме секілді. Маған "адам" дәрежесін беруде бас тартты. Демек мен өз елімнің азаматы емеспін, шетелге шығу мүмкіндігінен айырды. Ал мұндай тыйымдар тек заң бұзғандар мен тұтқындарға ғана қолданылады", - деп мәлімдеген болатын белсенді. 

Жазда мемлекеттік хатшы Тони Блинкен құжатта үшінші "Х" гендерінің пайда болатыны туралы хабарлаған болатын. Азаматтар құжат алу барысында кез келген үш нұсқаның біреуін таңдай алады. Бұған дейін туу туралы куәлігінде көрсетілген жыныстан бөлек нұсқаны таңдау үшін дәрігер анықтамасы талап етілген. 

Байденнің ЛГБТ бойынша арнайы елшісі

Үшінші гендер Германия, Канада, Аустралия, Үндістан, мальта, Непал және Жаңа Зеландия секілді елдердің құжатында бар.

"Құжат беру мәселесіне қатысты мынаны айтқым келеді. Мемлекеттік департамент әрі қарай да адамдар бостандығы, адамгершілігі мен теңдігін қамтамасыз ету үшін барлығын жасайды", - деп мәлімдеді Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Нед Прайс. 

Джо Байденнің сайлауалды бағдарламасында ЛГБТ өкілдерін қорғау жобасы да болған. Қыркүйектің соңында АҚШ президенті

құқық қорғаушы Джессика Стернді ЛГБТ қоғамдастығын дамыту бойынша арнайы елші етіп тағайындады.

Федералды билік бұрын әскери қызметте болған трансгендерлердің жынысын ауыстыруға арналған операция шығын да өз мойнына алды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр