Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова үшінші перзентінің ұл екенін білгенде өксіп жылағанын айтты

Гүлзира Айдарбекова үшінші перзентінің ұл екенін білгенде өксіп жылағанын еске алды. Ол үшін Құдайдан кешірім тілеген продюсер бұл күндері туған қыздарындай болып кеткен келіндерінің бар екенін айтып мақтанды. Ол қос келіні Жұлдыз бен Әйгерімді тәрбиелеп, өсірген ата-аналарына алғысын жеткізді, деп жазады Stan.kz.

“Аллаға сансыз шүкір! Біздің шаңырағымызға күннің нұры шашырап тұрады, қашанда жылылыққа толы.Қызым болса деп қалай армандағанымды білсеңіздер ғой. Құдай кешірсін, кезінде 3-ші балама аяғым ауыр кезде, дәрігерлер тексеруден өткізіп, ұл деп қуанышпен жеткізгенде, жолдасым сыртта көлікте күтіп отырған, көзім қарауытып арманым үзілгендей булығып қасына әрең жеттім де, отырған бойда өксігімді баса алмай егіліп жыладым. Нүрекең: әкесінің өлгенінде есіттіртеді, тыныштық па не болды айт?- деп шошып кетті. Баламыз ішімде өліп қалды деп ойласа керек. -“Ұл” деп әрең айттым, өксігімді баса алмай. Жолдасым болса құшақтап, сүйіп мәз. Сөйтсем бекер екен.

Міне қазір келіндерім мамалап іздейді, сағынады. Балаларымнан бұрын әуе жайдан таласып тұрып күтіп алады. Мен ұнататын дәмдерді түгел өз қолдарымен пісіріп, жылы жүздерімен қарсы алады. Нүрекеңнің үйден, жолға шыққанына екі күн өтпей жатып, телефонына звондап xабарласып жағдайын сұрауды да ұмытқан емес. Менің үйімнің қос гүлі. Менің шуақтарым! Осындай қыздар тәрбиелеп берген ата-аналарына раxмет! Алла, ұзақ өмір беріп, тіл-сұқтан аман етсін!” – деп жазды Айдарбекова желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Шу тұрғыны тікелей эфирде Ерке Есмаханға жүрегін ұсынды (видео)

Гүлзира Айдарбекова Төреғалидің тойында бидің түбін түсірді (видео)

Рауан Дәулетов Ақботаның бірінші күйеуімен араласатынын айтып, елді таңғалдырды

Ернар Айдар келіншегін жасыруының себебін ашып айтты

Талқылау