Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова жарының айтқанына еріп, туған бауырына қастандық жасағандарды сынады

Гүлзира Айдарбекова жарының айтқанына еріп, туған бауырымен араласпай кететін жандарды сынады. Әншінің бұл тақырыпты қозғауына құшақтасып отырып Қайраттың әнін шырқаған бүлдіршіндердің видеосы себеп болыпты, деп жазады Stan.kz.

«Мына видеоны кім жіберсе де, көңілімді көтеріп тастады. Балапандар аман болсын! Төртеуінің айқара құшақтасып отырғандарына қарап ойға шомып кеттім. Барлық бауыр атаулыға топырақ шашпаймын, бірақ кішкентай кездерінде бір үй түгілі бір бөлмеге сыйып, бір-бірін бір сағатқа да көзінен таса қылмай іздеп, киімдері тұрмақ, бір құртты теңдей етіп бөліп жеп отыратын балапандар ер жете өз отбасын құрғаннан кейін, әйелінің не күйеуінің: «бауырың бүйтіп қойды, сүйтіп қойды» деген әңгімелерінен кейін бе қайдам, бір ауылға сыймай жататынын естіп, жағамызды ұстап жатамыз. Осындай бауырлардың уақыт өте келе шырқы бұзылмаса екен. Үлкенді құрмет етіп, кішіге үлгі боларлықтай, ұл-қыздарымызға тәрбиені саналарына құя беруді ұмытпасақ екен», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Бір топ желідегілердің болжамынша, видеода ән салып отырған бүлдіршіндер – актер Жанатбек Бәйтековтің балалары.

“Жанатбек ағамыздың балапандары ғой”, “Жанерке, Жаннұр, Жанай, Жәңгір деген Жанатбек мырзаның балапандары”, “Өте дұрыс айтасыз, қазіргі қоғамда мұндай мəселердің жиілеп кеткенін байқап қазақылықтың қаймағы бұзылды ма деп қаласың. “Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін” деген нақылды өмірлік ұстанымға айналдырға дұрыс-ау”, “Өте дұрыс айтасыз”, “Ащы болса да бүгінгі қоғамның шындығы осы”, – деп пікір білдірді желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева: Қыз ұрлағандардың бәрін түрмеге жабу керек

Қуандық әйгілі “Болайық бірге” әнін енді Ерке Есмаханмен орындап жүр (видео)

Жас жігіттің Ерке Есмаханға жолдаған ғашықтық хаты желіні шулатты

Сиви Махмуди Ернар Айдардың құпиясын ашып қойды

Талқылау