Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гвардиола “Манчестер Сити” ойыншыларына түн жарымнан кейін секспен айналысуға тыйым салды

Негізгі келісім-шарты “Манчестер Сити” клубына тиесілі, қазір өзі “Севилья” футбол клубында ойнап жүрген франциялық жартылай қорғаушы Самир Насри “қалалықтардың” бас бапкері Пеп Гвардиоланың футболшыларды қадағалауына қатысты әдіс-тәсілін айтып берді.

1112257399

Бұл туралы “Евроспорт” хабарлайды.

Қатаң диетамен қатар, футболшыларға жиын кезінде интернет қолдануға болмайды. Сонымен қатар испаниялық маман түн жарымнан соң секспен айналысуға да тыйым салыпты.

302629

“Тіпті ертеңгі күніңіз бос болғанның өзінде жыныстық қатынас түн жарымға дейін аяқталуы тиіс. Мұның бәрі сапалы ұйқы үшін. Оның сөзінше, ол осы арқылы Месси мен Левандовскиден жоғары деңгейлі футболшы жасаған және оларды қауіпті жарақаттардан сақтаған”, – деді Насри.

gvardiola_5_golov_levandovski_740x355

“Гвардиоламен болған алғашқы жаттығу күнінен бастап сіз қалай ойнау керек екенін, допсыз қалай әрекет ету керектігін түсіне бастайсыз. Ал келесі күні сіздің қолыңызда не істеу керектігін түсіндіріп беретін видео тұрады. Пеп футболшының алға жылжуы үшін бәрін жасай алады”, – деп атап өтті футболшы.

Бұған дейін “Барселона”, “Бавария” клубтарын баптап үлкен жетістіктерге жеткен Гвардиола қазіргі таңда “Манчестер Сити” клубын жаттықтыруда.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан тағы үш олимпиадалық медальден айырылды

«Кеш you» тобының солисі бизнес әлеміне қадам басты

Түсіпбаева: Дизайнерлер біреудің тапсырысымен мені «талғамсыз әнші» деп атаған

“Ninety one” тобы халық әнін орындап айды аспанға бір-ақ шығарды (видео)

Талқылау