Гүлзира Айдарбекова: Алматыдағы үйімді балгерге оқытып, 55 мың долларға сатып жібергенмін

Қайрат Нұртастың анасы, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ерекше сұхбат берді. Сұхбат барысында бұрын айтылмаған дүниелерді айтты. Тіпті, бір кездері құдайға серік қосып, балгерге барған сенгенін мойындады. 

Гүлзира Айдарбекова: Алматыдағы үйімді балгерге оқытып сатып жібергенмін

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айдарбекова қазір болмаса да, бұрын балгерлерге сенгенін айтты. Оған өмірінде болған бір жайтты мысалға айта кетті. 

"Нұрекең елордада бизнес жасап жүргенінде біз Алматыда тұратынбыз. Бір шаңырақ астында тұрайық деп Алматыдағы үйді сатуды ойладық. Бірақ үй көп уақыт өтпей тұрды. Содан құрбымнан балгердің барын естідім. Ол үйді оқыса, тез сатылып кетеді деді. Талғар жаққа сол кісіні іздеп бардық. Балгер басқа ұлттың адамы екен. Маған қағазға орысша сөз жазып берді.  Алла, маған осы үйді өтуге көмектесші деген мағынада. Мен Алладан ғана сұраймын деді. Осыны үш күн, не үш апта, не үш ай 100 рет оқу керек деді. Түйе сұрасаң, бие береді, көп ақшаға өтуін сұра деді. Мен солай оқып жүріп шынында үй бір аптаның ішінде өтіп кетті", - деді продюсер. 

Айтуынша, үйді арзанға сатқанына өкінген. Себебі 55 мың долларға сатқан үйі үш жылдан соң 550 мың долларға бағаланып, сүруге жіберіліпті. 

"Ол үй сондай берекелі еді. Неге сатпай-ақ астанада пәтер жалдап тұрмадық деп  қазір өкінемін", - деді Айдарбекова. 

Продюсердің айтуынша, бұл кездері жолдасы елордада бизнеспен айналысқан. Ақ орданың ағашын тасыған. 

"Нұрекеңнің сол табысының көмегімен Қайрат та, мен де өнер жолында еңбек еттік", - деді продюсер. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сұлулық салонында аса қауіпті ауру жұқтырған бойжеткен жұртты сақтандырды

Педикюр жасатқан бойжеткеннің аяғына ірі жара қаптап кеткен

Қазақстанда шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

Шетелдік көлік жүргізушілері туралы ақпарат сақтандыру полисінің деректері негізінде анықталады

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

"Иісі жаман екен": Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді
Çàãðóçêà...