Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Гүлзира әпкемізге бағындық": Сырым Исабаев досы Қайрат Нұртасқа қатысты шындықты айтты

Фото: https://vk.com/gulzira_aidarbekova

Танымал әнші Сырым Исабаев кезінде бірге өнер көрсеткен Қайрат Нұртасқа қатысты шындықты айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі журналист Аман Тасығанға сұхбат берді.

“Әр тірліктің басы бар, аяғы бар. Біз ең алғаш бірге шыққанда, мақсатымыз халықты қуанту, өзімізді таныстыру болды. Ол кезде ойымыз бір жерден шығады: Қайратқа ұнаған ән маған да ұнап, менің әнім оған ұнайтын. Өзіңе ұнаған ән халыққа да ұнады. Алайда ақыр аяғында әркімнің ой-пікірі әртүрлі болды. Бұл нәрсе жалғаса берсе, ұрсып та қалатынымызды білдім. Мен еш нәрсені ұрыспен аяқтағым келмейді. Біреудікі дұрыс емес болса да, "сенікі дұрыс" деу жолыңды ашады. Бұның бәріне біреу кінәлі деп айтуға болмайды. Мұның бәрін басқарған Гүлзира әпкеміз болды. Гүлзира әпкеміз не десе, біз бәріне бағынамыз", – деді Сырым Исабаев.



Одан кейін қос өнерпаз ән таңдауға келгенде қиналғанын жасырмады. Тіпті, бөлінулеріне де себеп болған көрінеді. 

"Жетпей қалған әндер бар. Біз махаббатты тауысып, басқа да тақырыпты қозғағымыз келді. Шүкіршілік әнімізді айттық. Бірақ әке мен анаға, табиғатқа, арамыздағы достық қатынасты жеткізетін ән жетпеді. Осындай дүниелер жетіңкіремей қалды. Әйтпесе бізде бірге ән айтуға ниет болды. Ән табылмай қалғаннан кейін бөліну болды. Ескі әннің тізесін шығарып айта бергіміз келмеді", – деп жауап берді тасада қалған әнші.

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова әнші Сырым Исабаевты дінге бет бұрып кетті деген еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 11 Қыркүйек, 2025 14:23
Талқылау