Грузияда наразылықтарға қарамастан жаңа президент қызметіне кірісті
Грузияда жаңадан сайланған президенті Михаил Кавелашвилидің инаугурациясы аяқталды.
Салтанатты шара жалғасып жатқан кезде бұрынғы мемлекет басшысы Саломе Зурабишвили одақтастарына сөз сөйледі.
Зурабишвили президент сарайынан өз еркімен кететінін айтты.
"Мен бұл жерден кетіп, легитимділікті өзіммен бірге алып кетемін", – деді ол.
Кавелашвилиді ұлықтау рәсімінің ресми бөлігі заң шығарушы органның жалпы отырысы залында өтті. Ол отбасымен сонда болды. Осы күнге орай парламент Грузия Конституциясының арнайы көшірмесін басып шығарды. Ол парламент мұражайында сақталады.
Бұған дейін қазіргі президент Саломе Зурабишвили Орбелиани алаңында наразылық білдірушілер алдында сөз сөйлеген. Ол 26 қазандағы парламенттік сайлауды заңды деп танымайтынын, тиісінше, президентті де заңсыз деп санайтынын және қызметінен кетпейтінін айтты. Зурабишвили өз жақтастарын ауқымды шерулер өткізуге шақырды. Ол Батыс өкілдерін де Кавелашвилиді президент ретінде мойындамауға шақырған еді. Енді қызметінен кетті.