Грузияда азаматтар биліктің отставкаға кетуін талап етіп, наразылыққа шықты
Азаматтық сектор, оппозициялық саяси партия өкілдері мен тұрғындар 3 шілдеде Тбилисдегі парламент ғимаратының маңында митинг өткізіп, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Наразылық білдіргендер елде реформа жүргізе алатын және Еуроодаққа мүшелікке қабылдануға қол жеткізе алатын министрлер кабинетін жасақтауды талап етті. Сонымен қатар олар парламент ғимараты орналасқан Руставели даңғылын жауып тастаған. Митинг "Еуропадағы үйімізге" деп аталады.
Еуроодақ көшбасшылары одақ саммитінде 23 маусымда Украина мен Молдавияға ұйымға қосылу үшін кандидат мәртебесін берген. Олар Грузияның еуропалық келешегін мойындап, оған да бірнеше талапты орындаған соң мәртебені беруге дайын екенін мәлімдеген. Грузияда билік реформасын жүргізу үшін алты ай уақыт бар. Үш елдің Еуроодаққа қанша уақытта қосылатыны белгісіз. Еуроодақ мүшелігі туралы келіссөз 10 жылдан аса уақытқа созылуы мүмкін.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”