AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузия мен Молдова Еуроодаққа мүшелікке кіруге өтініш білдірді

Молдова президенті Мая Санду Еуроодаққа мүшелікке кіру туралы өтінішке қол қойды. Бұндай өтінішті Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили де білдірген болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мая Сандудың айтуынша, Молдова болашақ үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға, демократия мен өркендеу жағдайында өмір сүруге және еркін әлемнің бір бөлігі болуға дайын.

Ал Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили бұл шешімнің ел болашағына пайдасы болатынын айтады.

“Құрметті отандастар, бұл – Грузия үшін тарихи күн. Мемлекет атынан мен ЕО-қа мүше болу туралы өтінішке қол қойып жатырмын. Бұл – Грузияның еуропалық интеграциясы барысында жаңа жол ашатын тағы бір маңызды кезең, тарихымыздың бір парасы”, – деді Грузияның премьер-министрі.

28 ақпанда мүшелік туралы өтінішке Украина билігі өкілдері де қол қойды. Салдарынан Ресейдің Украинаға басып кіру қимылдары жасалды. 2 наурызда Еуропарламент отырысында Владимир Зеленский Украина баяғыда Еуропаны таңдағанын, енді Еуропаның Украинаға қолдауын күтетінін айтқан болатын. 

Еуропарламент кейінірек ЕО мүшелеріне Украинаға кандидат мәртебесін беруді ұсынған қарарды мақұлдады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр