Грузиядан 4 миллиард теңге жымқырған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Аса ірі көлемдегі ұрлық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Грузия аумағында ұсталып, елге экстрадицияланды. Күдік мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын әкелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас прокуратураның мәліметінше, экстрадициялау шарасы қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асқан. Мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келген. Тергеу барысында күдіктінің компания басшысы бола отырып, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірге сеніп тапсырылған қаражатты жымқыру мақсатында заңсыз әрекеттерге барғаны анықталған.
Атап айтқанда, ол мемлекеттік сатып алу талаптарын айналып өтіп, спутниктік және телекоммуникациялық жабдықтарды жалға алу бойынша заңсыз келісімшарт жасаған.
Осының салдарынан Транстелеком АҚ арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған. 2026 жылдың наурыз айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан тарапының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған баптар бойынша оған мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан азаматы Нұрлан Сейсенбаев 2018 жылдан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, заңсыз ойын бизнесін жүргізді деген күдікпен іздеуде жүргенін жазған едік. Ол StavkaBet букмекерлік кеңсесіне қатысы бар тұлға ретінде тергеліп жатыр. Қазір Грузия аумағында жүргені белгілі, алайда Қазақстанға экстрадициялау мәселесі әлі шешілмеген. Бас прокуратура оның елге қайтарылуы бойынша келіссөздер жалғасып жатқанын хабарлады. Кінәсі дәлелденсе, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Оқыңыз