"Грэмми – 2026" сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

Лос-Анджелесте “Грэмми – 2026” музыкалық сыйлығының марапаттау рәсімі өтті. Рәсім аясында Дыбыс жазу академиясы музыка саласындағы үздік жетістікке жеткен туындыларды ерекше марапаттады. Сондай-ақ биыл екі жаңа номинация қосылды – кантри-музыкадағы жетістіктер және альбом мұқабаларының дизайны. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Салтанатты кешті Бруно Марс пен Розе әлемді жаулаған “Арт” хитімен ашты.
Кеш жүргізушісі Тревор Ноа болып, көрермендер мен қонақтарды қарсы алып, музыка индустриясындағы оқиғаларға тоқталды.
“Жыл сайын “Грэмми” – бұл тек марапаттар емес, музыка әлемінде болып жатқан құбылыстарды қалай көрсететінінің де көрінісі”, – деді Тревор Ноа.
Залда Билли Айлиш, Джастин және Хейли Бибер, Bad Bunny, Джон Ледженд және басқа да әртістер болды.
Алғашқылардың бірі болып Сабрина Карпентер “Manchild” әнін орындады. Кейін сахнаға “Үздік жаңа орындаушы” номинациясына үміткерлер кезек-кезек шықты.
Джастин Бибер жаңа альбомындағы тректі ерекше сахналық образбен таныстырды.
Көрермендердің ерекше назарын Леди Гаганың Abracadabra орындауы аударып, зал ұзақ уақыт шапалақтады.
“Грэмми – 2026” жеңімпаздары
- Жыл альбомы – Bad Bunny, “Debí Tirar Más Fotos”
- Жыл әні – Билли Айлиш, “Wildflower”
- Жыл жазбасы – Кендрик Ламар және SZA, “Luther”
- Үздік жаңа орындаушы – Оливия Дин
- Жыл продюсері – Cirkut
- Жыл ән авторы – Эми Аллен
- Үздік жеке поп-орындау – Лола Янг, “Messy”
- Дуэт/топтағы үздік поп-орындау – Синтия Эриво және Ариана Гранде, “Defying Gravity”
- Үздік вокалды поп-альбом – Леди Гага, “Mayhem”
- Үздік би/электронды альбом – FKA Twigs, “Eusexua”
- Үздік би-поп жазбасы – Леди Гага, “Abracadabra”
- Үздік би/электронды жазба – Tame Impala, “End Of Summer”
- Үздік ремикс-жазба – Леди Гага & Gesaffelstein, “Abracadabra (ремикс)”
- Үздік рок-орындау – Yungblud, “Changes (Live From Villa Park)”
- Үздік метал-орындау – Turnstile, “Birds”
- Үздік рок-ән – Nine Inch Nails, “As Alive as You Need Me to Be”
- Үздік рок-альбом – Turnstile, “NEVER ENOUGH”
- Альтернативті музыкадағы үздік орындау – The Cure, “Alone”
- Үздік альтернативті альбом – The Cure, “Songs of a Lost World”
- Дәстүрлі поп стиліндегі үздік вокалды альбом – Laufey, “A Matter Of Time”
- Урбан-музыка жанрындағы үздік альбом – Bad Bunny, “Debí Tirar Más Fotos”
- Үздік музыкалық бейнебаян – Doechii, “Anxiety”
- Дуэт/топтағы үздік кантри-орындау – Shaboozey & Jelly Roll, “Amen”
- Үздік заманауи кантри-альбом – Jelly Roll, “Beautifully Broken”
- Африкалық музыкадағы үздік орындау – Tyla, “Push 2 Start”
- Цифрлық медиаға жазылған үздік ән – Одри Нуна, Рей Ами және Ejae, “Golden” (KPop Demon Hunters)
- Мелодиялық рэптегі үздік орындау – Кендрик Ламар және SZA, “Luther”
- Үздік рэп-ән – Кендрик Ламар және Lefty Gunplay, “TV Off”
- Үздік рэп-альбом – Кендрик Ламар, “GNX”
Айта кетейік, бұған дейін “Оскар – 2026” сыйлығына үміткерлер белгілі болғаны хабарланған еді.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді