Грекияда жұмыс күнінің ұзаруына қарсы жалпыұлттық ереуіл басталды
Фото: Видеодан скрин
Грекияда үкіметтің жұмыс уақытын ұлғайту жоспарына қарсы жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "24KZ" порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Билік жұмыс күнін 13 сағатқа дейін арттыруды және артық жұмыс уақыты үшін қосымша ақы төлеуді қарастырып отыр. Алайда кәсіподақтар бұл бастамаға түбегейлі қарсы шықты. Жаңа заң жобасы қазан айында бекітіледі деп жоспарланған.
Ереуілдің салдарынан мектептер, мемлекеттік мекемелер мен ауруханалар жұмысы уақытша тоқтады. Бұған дейін билік өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларының қызметкерлерін жұмыс берушінің шешімімен алтыншы жұмыс күніне шығуға міндеттеген еді.
Сарапшылардың айтуынша, экономикалық өсім мен жалақының артуына қарамастан, Грекиядағы өмір сүру деңгейі Еуропалық одақ елдерінің орташа көрсеткішінен төмен.
Мұғалімдер қауымдастығының президенті Виолета Галанопулу бұл шешімнің қоғамға теріс әсер ететінін айтты.
"Біз балаларымыздың осындай ұзақ жұмыс күні қалыпты жағдайға айналатын болашақта өмір сүргенін қаламаймыз. Егер ата-аналар күніне 13 сағат еңбек етсе, бұл олардың психологиялық және эмоционалдық жағдайына ауыр соққы болмақ. Балалар ата-аналарын сирек көреді, ал ересектер толықтай шаршап-шалдығады", – деді Виолета Галанопулу.
Филиппинде жемқорлық мемлекеттік деңгейге көтерілгеніне байланысты халық жаппай көшеге шықты
Еске салайық, бұған дейін Лондонда жүз мыңнан аса адам мигранттарға қарсы митингке шыққанын жазған едік. Лондонда ультраоңшыл белсенді Томми Робинсонның Unite the Kingdom митингі мен оған қарсы Stand Up To Racism шеруі өтті. Қауіпсіздікке 1500-ден астам полиция офицері тартылды. Екі тарап арасында қақтығыс болып, бірнеше адам жарақат алды. Робинсон иммигранттарға қарсы мәлімдеме жасаса, қарсы тарап нәсілшілдікке қарсы ұрандар көтерді.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
