Грекияда Қазақстан алмасына арналған ескерткіш қойылды
Биыл Грекия мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынасы басталғанына 30 жыл толды. Осыған орай гректің Ахарне қаласында Қазақстан алмасына ескерткіш орнатылған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengritravel.kz сайтына сүйене отырып.
Қоладан жасалған ескерткіштің пішіні – Грекияның бейбітшілік символы зәйтүн бұтағына оралған Қазақстан алмасы. Ескерткіш қала басшылығының алдында орналасқан.
Қазақстанның Грекиядағы елшілігіне сенсек, Афинадан 11 шақырым жерде орналасқан Ахарнеде Қазақстанда туып, тарихи отанына оралған 30 мың грек тұрып жатыр. Солар бірі – Иоаннис Петридис пен оның баласы Констатин құрған DKG Development компаниясы осы ескерткішке демеу болған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”