Грекияның “Олимпиакос” клубы Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытып отыр
Фото: “ҚФФ”
“Елімай” мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебекке Грекияның “Олимпиакос” футбол клубы қызығушылық білдіруде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін The Courier Sport басылымы Шотландияның “Данди Юнайтед” клубының бас бапкері Джим Гудвин 22 жастағы Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытып отырғанын хабарлаған еді.
Алайда “Олимпиакостың” Кенжебекке қызығушылық танытуы “Данди Юнайтедтің” келіссөздерін күрделендіріп отыр.
Match KZ мәліметі бойынша, “Олимпиакостың” нарықтағы беделі мен қаржылық мүмкіндіктерінің жоғары болуы британдық клубтың ойыншыны өз құрамына қосу ықтималдығын айтарлықтай төмендетеді.
Қазіргі кезде Кенжебек үшін Еуропаның екі ірі клубы нақты қадам жасауда.
Британиялықтар Ғалымжан Кенжебекті өз командасына қосуды жоспарлап отыр
Қазақстан құрамасының жұлдызды ойыншысы Ғалымжан Кенжебек сүйіктісіне ұсыныс жасады
Айта кетейік, бұған дейін Ғалымжан Кенжебекке “Бавария” Түркия Суперлигасының бірнеше клубы сондай-ақ "Хартс" клубы және Португалия, Чехия командалары да ықылас аударған еді.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді

