Google, Netflix және Temu Қазақстан үкіметінің бюджетке түсетін салығына қарағанда 5 есе көп төледі
Alibaba, Aliexpress, Apple, Google, Huawei, Netflix, Pinduoduo және Temu секілді ірі компаниялар Қазақстан бюджетіне кейінгі 3 жылда 70 миллиард теңге салық төлеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кursiv.media порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сенсек, Қазақстанда электронды саудамен айналысатын 98 шетелдік компания тіркелген. "Google салығы" деген атаумен белгілі салық Қазақстанда 2022 жылы енгізілген.
"Google салығы" электронды саудамен айналысатын және жеке тұлғаларға электронды түрде қызмет көрсететін шетелдік ұйымдарға салынады. Қазақстанда кейінгі 2 жылда шетелдік интернет-компаниялардың қызметін бақылау күшейтілген. Осы мақсатта Салық кодексіне өзгерістер енгізілді. Егер шетелдік компания Қазақстанда заңды түрде тіркелмесе, ел аумағында оның жұмысына тыйым салынуы мүмкін.
2022 жылы "Google салығы" есебінен бюджетке 13 миллиард теңге салық төлеген еді. Ал 2023 жылы төленген салығы 24 миллиард теңге болды. Ал қалған бөлігі 2024 жылы жиналған салық.
Еске салайық, бұған дейін Қытайдың жаңа маркетплейсі Temu-ге қарсы бірнеше айып тағылып, қауіпті деп танылды. Бірнеше ел оған тыйым салды. Екі жыл бұрын Temu электронды коммерция нарығына еніп кетті. Ол бірден агрессивті маркетингтік науқанды жүргізе бастады. Барлық әлеуметтік желілер мен платформаларда белсенді түрде жарнамаланды. Сонымен қатар дүкен жаңа тұтынушыларға бонустар, төмен бағада өнімдердің кең ассортиментін және тегін жеткізуді ұсынды. Мұның бәрі тым жақсы көрінді және бір гәп бар сияқты еді.