Google құқық қорғау органдарына қылмыс орындары туралы хабарлама беруді тоқтатады
Бұдан былай Google құқық қорғау органдарына желі пайдаланушыларының қылмыс орындарының жанында болғанын хабарлауды тоқтатады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Орналасқан жеріңіз туралы ақпарат – сіздің жеке деректеріңіз. Біз оны құпия, қауіпсіз және сіздің бақылауыңызда ұстауға тырысамыз", – деп хабарлады компания өкілдері.
Алдағы уақытта компания өкілдері Google Maps құралын өзгертпекші. Осының нәтижесінде компания пайдаланушылардың жеке орналасу тарихына енді кіре алмайды. Бұл оның қылмыс болған жерге жақын адамдар туралы деректерді сұрайтын құқық қорғау органдарының бұйрықтарына жауап беру мүмкіндігін жояды.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты
Қанат Байбосынұлы: "Рамазан айында кедей кедейлігін, бай байлығын сезінбеуі керек"