Google картаға өлтірілген ер адамның денесін көліктің жүк салғышына тығып жатқан қылмыскердің әрекеті түсіп қалған
Google Maps қызметі Испанияның солтүстік-батысындағы Кастилия және Леон провинциясында жасалған қатыгез қылмысты ашуға тергеушілерге көмектесті. 18 желтоқсанда Испания полициясы 33 жастағы Куба азаматының өліміне қатысты күдікті ер адам мен әйелді ұстағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Google Street View
Google Street View-де түсірілген суретте ер адам ақ сөмкені көлік жүксалғышына салып жатқан көрініс полиция үшін таптырмас айғақ болды. Ұлттық полиция өткен жылы жоғалып кеткен адамның ісіне байланысты екі күдіктіні қамауға алды және адам денесін тапты.
The New York Times басылымының мәліметінше, Google Street View-дегі суретте көлік түсірілген. Бұл көрініс бастапқыда қарапайым болып көрінгенімен, тергеу барысында маңызды дәлелге айналды. Осылайша жоғалған адам ісінде күдіктілерді анықтауға көмектесті. Полиция дәлелдерді іздеу кезінде Google Maps-тағы суреттең шешуші рөл атқарғанын айтады.
2023 жылдың қараша айында 33 жастағы кубалық азаматтың отбасы Испания полициясына өз туысын іздестіріп, жоғалғанын хабарлады. Кубалық ер адам Кастилия және Леон провинциясына келіп, Сория қаласына қоныстанған. Ол бұрынғы сүйіктісімен қарым-қатынасын қайта қалпына келтіруге үміттенген екен.
Марқұмның туыстары желі арқылы Испаниядан бірнеше мәтін хабарлама алған. Хабарламаларда 33 жастағы туыстары басқа әйелмен танысқанын жазған. Ер адам оның жанына кетуді жоспарлап, жақын арада телефон нөмірін ауыстыратынын айтқан. Отбасы хабарламаларды қылмыскердің туысы болып өзін таныстырғанын сезіп, күдіктене бастады.
Тергеушілер жоғалған өлтірілген азаматтың бұрынғы сүйіктісін және қазіргі серіктесін сұрастырды. Қараша айында олар ұсталды. Бірнеше аптадан кейін жоғалған кубалықтың мүшеленген денесі табылды. Қылмыскерлер мүшеленген денені ауылдағы бір зиратқа жасырған.
Полиция істің маңызды айғағы болған суретті жариялады. Бірақ суреттегі ер адамның беті бұлыңғырланды. Журналистерге хабарланғандай, оның сипаттамалары күдіктінің сыртқы бейнесіне сәйкес келді. Полиция тергеушілердің қашан Google арқылы сурет алғанын және Google Maps-тің Street View құралымен күдіктіні тапқанын нақтыламады. Google да бұл ақпараттың қашан табылғаны туралы дереу мәлімет бермеді.
Айта кетейік, Google Maps-тің қылмыстық тергеушілерге көмек көрсетуі бірінші рет емес. 2022 жылы Италия билігі Google Maps және Street View қызметтерін пайдаланып, Сицилиядан шыққан адамды іздеді. Ол кісі өлтіру үшін сотталған және Италияның ең қауіпті қашқындары тізімінде болған. Оны да Испаниядан тапты. Google Maps құқық қорғау органдарына қылмыстарды ашуда белгілі бір рөл атқарғанымен, Street View қызметіне камера орнатылған көліктер де құпиялылық мәселелерін туындатып, кейбір адамдарды ашуландырған.
Үндістанда жолаушылар Google Maps-тың нұсқауымен жүріп, көпірден құлап мерт болды
Еске салайық, бұған дейін Google құқық қорғау органдарына қылмыс орындары туралы хабарлама беруді тоқтататынын жаздық. Алдағы уақытта компания өкілдері Google Maps құралын өзгертпекші. Осының нәтижесінде компания пайдаланушылардың жеке орналасу тарихына енді кіре алмайды. Бұл оның қылмыс болған жерге жақын адамдар туралы деректерді сұрайтын құқық қорғау органдарының бұйрықтарына жауап беру мүмкіндігін жояды.