Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Гонорарын төлейсіңдер": Еркебұлан Мырзабек тегін концерт жүргізбейтінін айтты

Танымал әзілкеш Еркебұлан Мырзабек “Қызық times” бағдарламасында жас әнші Садраддиннің қыркүйек айында өтетін концертін тегін жүргізуден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бағдарлама барысында жастар арасында танымал әнші Садраддин әзілкеш Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазинді қыркүйек айында болатын жеке кешіне жүргізуші болуға ұсыныс тастады. Жайдарманшы өнер иесінің бұл ұсынысына әзілмен жауап берді.

“Жұрттың бәрін концерт көруге шақырып, бізді жұмыс істеуге шақырып жатқаның не? Еврейдің, өзбектің тойын жүргіздік. Бірақ бізді бұлай ешкім ақымақ қылған емес. Концерттен кейін шын жүректен рахмет айтып құтылмақсың ғой?!

Марат міндетті түрде көмектеседі. Ол сондай қарапайым, кішіпейіл жан, көмегін аямайды. Ал менің мейірімім таусылған. Бұл дүниеде тегін зат жоқ. Бала-шаға бар, оларды бағу керек. Әрқайсысының концертін тегін жүргізе берсең түгің қалмайды. Сондықтан құрметті достар, біле жүріңіздер, маған “тегін концерт жүргізіп берші” деп айтпаңыздар. Админге хабарласасыңдар, гонорарын айтады, түгел төлейсіңдер. Тек сонда ғана жүргіземін. Анау тегін, мынау тегін, бізге келгенде “саған 2 мың доллар ғой” дейді. Бұл қашан бітеді”, – деп жанайқайын айтты. 

Талқылау