"Гонорарымды төледі": Әли Оқапов жұбайы Ақерке Бүркітбайға тосынсый жасады
Танымал әнші Әли Оқапов жұбайы, қобызшы Ақерке Бүркітбайға көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aliokapov/
Өнер иесі жұбайына қалай тосынсый жасағанын Instagram желісіндегі парақшасында көрсетті. Ол әйеліне көлік сыйлады.
“Өз көлігіңді жақсы көретініңді білемін. Біз соны ауыстырайық деген ұсыныс жасағанда бас тарттың. “Маған сенің көлігің ұнайды” дедің. Сондықтан біз саған тосынсый жасап жатырмыз. Жаңа көлік сыйлаймыз. Зейін өсті, сондықтан Зейінді таситын көлік те өссін деген ниетпен жаңа Exceed-ті қабыл ал. Мұны баяғыдан жоспарлап жүргенбіз. Өткенде гонорарға менің көлігімді сұрағанда өзімді әрең ұстап отырдым. Бұл көлік сенікі болады дегенді айтқым келді. Ауызың дуалы, айтқаның келді", – деді Әли Оқапов.
-
"Жолымыз болмай тұр": Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева туралы фильм не үшін тоқтап тұрғанын түсіндірді
-
"Тектілік тұқым қуады": Әли Оқаповтың бір жастағы ұлы жұртты таңғалдырды
Айта кетейік, халық әртісі Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай бұған дейін күйеуі Әли Оқаповтың бейнебаянының түсіріліміне қатысқанын айтып, гонорар төлеуді сұрап, әзілдеген еді.
"Менің гонорарымды төледі. Алла тағала аузыма салып тұр екен. Маған осы көлікті бересің бе деген күні Әли маған оны сыйлайтынын білген екен. Әп-әдемі, менікі", – деді қобызшы.
Еске салайық, Ақерке Бүркітбай жары Әли Оқаповтың "Құрмет" орденіне қатысты дауды есіне алған еді.