Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гонконгта жүк таситын ұшақ теңізге құлады: Қаза тапқандар бар

Гонконгта жүк таситын ұшақ патрульдік көлікке соғылып теңізге құлады

Фото: bhaskarenglish.in

Дүйсенбі күні шамамен таңғы сағат 03:50-де жүк таситын ұшақ Гонконг әуежайының солтүстік ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, патруль көлігіне соғылып, кейін теңізге құлаған. Салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SCMP агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Жергілікті билік өкілдері ауа райы мен ұшу-қону жолағының “қауіпсіз” болғанын мәлімдеді.

“Шамамен таңғы сағат 3:50-де Дубайдан келген Emirates әуе компаниясының Boeing 747 ұшағы EK9788 рейсі қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, патруль көлігіне соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ теңізде жердегі көлікпен де соқтығысқан”, – деп мәлімдеді полиция.

Бастапқыда көлікте болған екі ер адамның жоғалғаны хабарланды. Олардың бірі – мәйіті теңізден шығарылған 30 жастағы ер адам, ол таңғы 5:55-те оқиға орнында көз жұмған. Екіншісі, 41 жастағы ер адам, Солтүстік Лантау ауруханасына жеткізіліп, таңғы 6:26-да оның қайтыс болғаны анықталған.

Ұшақ экипажының төрт мүшесінің барлығы аман қалған. Оқиға салдарынан әуежайдың солтүстік ұшу-қону жолағы уақытша жабылды.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 20 Қазан, 2025 08:50
Талқылау