Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

“Гомосексуалдылық қанда бар” деп дау тудырған Константин Горожанкинге қатысты тергеу басталды

«Қазконтент» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Константин Горожанкинге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Кочетов өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады Stan.kz.

"Гомосексуалдылық қанда бар" деп, дау тудырған Константин Горожанкинге қатысты тергеу басталды

ҚР Ақпарат және байланыс министрлігі 8 тамыз күні Ішкі істер министрлігіне ресми өтініш жолдады. Аталған факт Алматы ішкі істер департаментінде «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша тіркелген және осыған сәйкес алдын-ала тергеу жұмыстары басталды.

Евгений Кочетовтың айтуынша, Горожанкин ғаламтор индустриясының беделді өкілі және Қазақстанның IT-қоғамдастығында да абыройлы адам болғандықтан, директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып сайланды.

Сондай-ақ, «Қазконтент» АҚ-ның тәуелсіз мүшелері тегін жұмыс жасайды екен. Яғни, Горожанкин ресми түрде «Қазконтент» АҚ-ның қызметкері емес және атқарған қызметі үшін жалақы алмайды.

«Сол уақытта оның жұмысының сапасына ешқандай шағым болмады. Алайда, оның соңғы мәлімдемесі Қазконтент-тің жұмысына мүлде үйлеспейді. Осыған байланысты Константин Горожанкин «Қазконтент» АҚ директорлар кеңесінің мүшесінен шығарылды, енді ол тәуелсіз директор емес», – деді ол.

Горожанкин 6 тамызда Түркістан облысында 7 жасар баланың зорлануына қатысты тергеудің аяқталғаны туралы мәлемдеме жасағаннан кейін сот алдында жауап бергелі тұр. «Қазконтент» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі жазған жазбаға Facebook қолданушыларының бірі «Жергілікті жастар арасында осындай гомосексуалдылық деңгейінің себебі неде?» деген сұрақ жазып қалдырып кеткен. Ал, Горожанкин болса бұл “қанда бар”  деп жауап беріп, қоғам арасында үлкен дау тудырды.

«Бұл қанда бар. ХІХ ғасырдағы саяхатшылардың жазбаларында Қазақстандағы жергілікті халық арасында гомосексуализмге қатысты жи айтылады»,-деп жауап берген.

Осы жазба жарияланғаннан бері бұған қатысты жүздеген наразылықтар жиналды. Facebook қолданушылары, оның ішінде Қазақстандағы танымал белсенділер Горожанкиннен кешірім сұрауын талап етіп, “Қазконтент ” басшылығынан оны қызметінен босатуды сұрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әлі соңымыздан келе жатыр": Асылхан Төлеповтің келіншегі күйеуінің артынан қалмай қойған қыздар туралы айтты

Актердің табынушылары келіншегінен ұялады екен

Магистратура экзаменіне 25 адам өз орнына басқа біреуді кіргізген — БҒМ

Спикер абитуриенттерден 21 мың тыйым салынған зат алынғанын айтты

"200 мың доллар бердім": Қайрат Әділгерей қалай "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі болды

Әзілкеш бағдарламаға қатысты пікірлерді оқымай қойған

ЖОО түсу үшін өтініш берерде нені ескеру қажет? БҒМ жауап берді

Министрлік көптеген ЖОО-да жоспардан тыс тексеру өтіп жатқанын айтты

Қарағанды әкімдігі жетім қыздан үйін тартып алмақ

Ксения Горшкова анасының үйі туралы бір жыл бұрын ғана білген

"Әулетіміздің әйелдері Жерді кері айналдырып жібереді": Туыстары құтқару жұмыстарын жалғастыруды талап етті

Альпинистердің тағы бір туысы олардың апталап ас-сусыз жүре алатынын айтты

40 мың доллар қажет: Алматы облысында әйел ұлына көмектесуді сұрады

Дәл қазір жеткіншек Беларусь елінде емделіп жатыр

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Оқиға 18 тамыз күні түнде болған

Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: күдікті ретінде полицей ұсталды

Ұсталғандар кісі өлімі жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді

Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

Оларды қолдану ақылы болады, алайда бағасы әзірге белгісіз