Головкиннің Риота Муратамен жекпе-жегі үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды
Қазақстандық боксшы орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) жапон боксшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жегі үшін шамамен 12-15 млн доллар алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Prosport.kz порталына сілтеме жасап.
Total Sport сайтының хабарлауынша, Головкин жекпе-жек үшін 5 млн доллар көлемінде кепілдендірілген гонорар және оған қоса PPV-дің 70% үлесін алады. Бұл шамамен 12-15 млн доллар.
Қазақстандық боксшы Сергей Деревянченкомен айқасы үшін 7,5 доллар алса, 2020 жылы соңғы рет өткізген Камил Шереметпен жекпе-жегінде 7 млн шамасында және оған қоса PPV сатудан 2-4 млн доллар алған.
Айта кетсек, Бүгін көптен күткен GGG мен Муратаның жекпе-жегі болады. Геннадий Головкин мен Риота Муратаның жекпе-жегі Астана уақыты бойынша шамамен 18:10-да басталады. Бокс кешін Qazsport және Qazaqstan телеарналары трансляциялайды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”